АРАЛ АУДАНЫ АУЫР АТЛЕТИКАНЫ ДАМЫТПАҚ
Ауыр атлетикадан Сыр елінің Толағайы Илья Ильннің жаттықтырушысы ҚР-ның еңбек сіңірген, мемлекеттік жаттықтырушысы Вилорий Викторович Пак Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимовпен кездесті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Вилорий Викторович Пак тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныс-пікірді аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы қолдайтындығын айтты. Тәжірбиелі жаттықтырушы кездесуден соң №19 Арал аудандық ОРМБЖ мектебіндегі 2015 жылы ашылған ауыр атлетика залымен танысып, өзінің мол тәжірбиесін бөлісіп, аралдық жас зілтеміршілерге мастер класс өткізді. Аудан спортшыларының ауыр атлетикадан биіктерді бағындыруға зор мүмкіндігін байқаған Вилорий Викторович Пак «Ильяның ізін жалғастыратын өрендердің Аралдан да шығатындығына сенімдімін», — деп ыстық ықыласын жеткізді.