АРАЛДА МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТЕР КЕМ ТӨЛЕНГЕН
Арал аудандық прокуратурасы үйде оқитын мүгедек балаларға білім беру кезінде әлеуметтік көмектердің толық төленбейтінін анықтады, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі М.М. есімді мүгедек балаға осы жылдың ІІ тоқсанына тағайындалған 17838 теңге әлеуметтік көмектің 7838 теңгесін кем төлеген. Осылайша ел Үкіметінің қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары бұзған. Әлеуметтік көмектердің кем төлену жағдайы 17 балаға қатысты тіркелген.
Прокурорлардың ұсынысымен 18 мүгедек балаға 156600 теңге көлемінде әлеуметтік көмектер толық төленіп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды. Бөлімнің жауапты қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.