«ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР МҮШЕЛІККЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
Арал аудандық Оқушылар үйінде «Жас ұлан» ұйымының жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында тәлімгерлер мен ұланбасыларына арналған семинар-кеңес өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Семинар-кеңеске аудан мектептерінің тәлімгерлері, мектеп ұланбасылары, «Жас ұлан» ұйымының белсенділері және оқушылар мен ата-аналар қатысты. Семинар барысында №220 мектеп мұғалімі А.Жақсыбаев тәлімгерлер арасында «time management» тренинг өткізсе, №2 санаториялық мектеп-интернат тәлімгері К.Изнаиова, №64 мектеп тәлімгері Ә.Әнесова, №260 мектеп тәлімгері А.Еділбаевалар семинарға қатысушы тәлімгерлерге оқушылардың бос уақыттарында өткізілетін түрлі ойын-тренингтерді ұйымдастырды. Дүниежүзілік балалар күніне сәйкес келген семинар әрі қарай «Біз бақытты баламыз» атты іс-шараға жалғасты. Шара барысында 11 мүмкіндігі шектеулі балалар «Жас ұлан» ұйымының қатарына қабылданды.