АРАЛДА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮЗДІК БАСТАУЫШ ҰЙЫМЫ АНЫҚТАЛДЫ
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» Арал аудандық бөлімінің бастауыш партия ұйымы «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған конкурста үздік деп танылды, - деп хабарлады аудан әкімдігінің сайты.
2015 жыл «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының ұйғарымымен «Бастауыш пария ұйымы» жылы болып жарияланған еді. Конкурс осыған орай өтті. Жыл бойғы еңбегі еленіп, сапалы жұмыстарымен дараланған ұжымға партияның облыстық филиалы бөлімінің меңгерушісі Ш.Әбдірахманов диплом мен бағалы сыйлық табыстады.