ВАГОННАН ШЫҚҚАН ӨРТТІ АУЫЗДЫҚТАДЫ
Арал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «Теміржол көлігіндегі қауіпті жүктерде орын алуы мүмкін төтенше жағдайларды жою» тақырыбында арнайы оқу-жаттығы өтті.
Оқу-жаттығуға №3 өрт сөндіру бөлімі, «Қазақстан теміржолы» АҚ-на қарасты «Сексеуіл өрт сөндіру №35 поезы», ішкі істер желі бөлімшесі, әскерилендірілген теміржол күзеті және жедел жәрдем қызметкерлері атсалысты.
Жоспар бойынша, Сексеуіл станциясының тұсында «Жезқазған-Құлсары бағытындағы №3001 жүк тасымалдау поезының «сары фосфор» тиелген вагонында өрт шыққан. Дабыл бойынша өрт сөндіру поезының 14 қызметкері, №3 өрт сөндіру бөлімінің 9 қызметкері мен 2 көлік оқиға орнына жетіп, өртті дер кезінде ауыздықтады.
Б.Махатов,
Арал аудандық ТЖБ-нің аға инженері,
өртке қарсы қызмет майоры