АУДАНДЫҚ «ТОЛҚЫН» ГАЗЕТІНЕ 85 ЖЫЛ!
Арал аудандық «Толқын» газетінің құрылғанына 85 жыл толды. 1930 жылдан бастап аудан көлеміндегі түрлі жаңалықтарды шалғайда жатқан қазаққа жеткізу мақсатында қызметін бастаған газет бүгінде ақпарат айдынынан айшықты орын алған аға басылым. «Толқын» газеті 85 жыл ішінде тек баспасөз қызметін атқарып қана қоймай талай республикалық деңгейдегі журналистерді де түлетіп ұшырған құтты мекен.
85 жылдық мерейтой қарсаңында аудан әкімі Абзал Мұхимов газет ұжымына арнап жиын өткізді. Жиында газет ұжымын құттықтап сөз алған Абзал Сансызбайұлы: «85 жыл ішінде халық пен биліктің арасына алтын көпір бола білген аудандық «Толқын» газеті тарихтан ойып тұрып орын алды. Қоғамдағы маңызды мәселелерді қарапайым халық санасына көркем сөз, парасатты пайымымен жеткізе білген сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Сіздер өздеріңіздің осы саланың маманы екендіктеріңізді халық алдында дәлелдеп келесіздер. Оның бір айғағы Арал ауданындағы әрбір үйден табылатын «Толқын» газеті аралдықтардың үнжариясы», - деп газет ұжымының қызметіне жоғары бағасын берді. Және «Толқын» газетінің журналистері мен ардагер тілшілерін алғыс хаттармен марапаттады. Басқосу кеші әрі қарай әуезді әнмен айшықталды.