АРАЛДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КӨЛЕМІ АРТПАҚ
Арал ауданында «Микробизнес - Қызылорда» пилоттық жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы құрылған жұмысшы тобы келіп аудан кәсіпкерлері мен ауылдық округ әкімдерінің басын құрап жиын өткізді.
Аталған жұмысшы топтың жетекшісі, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасың басшысы Мирас Төлебаев. Жиын барысында ауыл халқының жұмыссыздық мәселесін жою, кәсіпкерлікті дамыта отырып өз әл-аухатын көтеруге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар тарапынан ұсыныс – пікірлер айтылды. Арал ауданы ауыл шаруашылық бағытындағы кәсіп түрлерін дамытуға қолайлы орналасқан. Енді шалғай жатқан ауыл халқы осы бағытта жұмыс күшін жандандырып, мемлекет тарапынан берілген несиелер арқылы кәсіп ашпақ ниетте.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов: «Алдағы уақытта Арал ауданында жаңа кәсіп көздері ашылып, кәсіпкерлік саласы дами түспек. Бұл үшін біз кәсіпкерлермен бірлесе отырып жұмыс жасайтын боламыз»,- деп қорытындылады.