АРАЛ АЙДЫНЫНДАҒЫ БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІ ПОЛЬША МЕН ГРУЗИЯҒА ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРЫЛДЫ
Қазіргі таңда Арал айдынында балықтың 22 түрі аулануда. Биылғы жылдың балық аулау лимиті 8321 тн балықты құрап, есепті мерзімде 2446 тн балық ауланды, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгінде Арал ауданында балықты өсіру мен аулау ісі ғана емес, сонымен қатар сол өнімді өңдеу ісі де жақсы жолға қойылған. Ауданда балық өңдеумен 7 кәсіпорын айналысады. Жылына 6,0 мың тоннаға дейін балық өңдей алатын «Арал балық өңдеу зауыты», және «Қуаныш» балық зауыты қуаттылығы жылына 400 тонна, «Арал Сервистік дайындау орталығы» қуаттылығы жылына 3,5 мың тонна, «Камбала балық БӨО» жаупкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Ақбасты», «Жамбыл» өндірістік кооперативтері және «Бөген Сервистік дайындау орталығы» қуаттылығы жылына 2,0 мың тонна. Осы кәсіпорындар арасында, заманауи тұрғыда салынған балықты терең өңдеумен «Арал балық өңдеу зауыты» ЖШС, «Арал СДО» ЖШС мен «Бөген СДО» ЖШС айналысады. Негізгі өнімдері балық филесі, мұздатылған балық, балық ұны. Қалған шаруашылықтар мұздату, ыстау жұмыстарын жасап келеді. Жыл басынан бері көксеркенің жон еті 129,6 тонна Польша қаласына, қатырылған балық 120,0 тонна Грузия мемлекеттеріне сатылған. Сонда барлығы 249,6 мың тонна өңделген балық экспортқа шығып отыр.