АРАЛДЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДА МҰНАЙ БАРЛАУ БАСТАЛАДЫ
Арал ауданында шағын және орта бизнесті дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін күшейту мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші бірнеше кәсіпорын ашу жоспарланып отыр, - деп хабарлады.
2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өңірлік индустрияландыру картасына ауданнан 4 жоба енген. Оның ішінде «Берекет» шаруа қожалығының 38,3 млн теңгенің «Ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын салу» жобасы, "Аралым" ЖШС-нің құны 4 млрд. теңгені құрайтын «Диверсификацияланған көпсалалы ауылшаруашылық кешені» жобасы, «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің құны 30,8 млн. теңгенің «Күйдірілген кірпіш өндірісі» жобасы және 360 млн. теңгенің «Жаңа Арал» ЖШС-нің «Жүн және теріні алғашқы өңдеу» жобасы бар.
Аудан әкімі Абзал Мұхимов мәлім еткендей, республикалық индустрияландыру картасына ауданнан «Арал Сода» ЖШС-нің «Кальцийлендірілген сода өндіру» жобасы ұсынылып отыр. Жалпы құны 37,2 млрд. теңгені құрайтын жоба жергілікті тұз кен орындары негізінде іске асырылатын болады. Зауыт құрылысына ауданның солтүстік-батыс бетінен жалпы көлемі 100 гектар жер телімі берілді.
- Өндіріс, индустриялық-инновациялық даму ел экономикасын тығырықтан шығарудың басты көзі екендігін ескерсек, бұл жұмыстар алдағы уақытта қарқын алады. Инвестиция тарту, тау-кен өндірісін дамыту бағытында ауқымды шаралар атқарылады. «Аралмұнайгаз» серіктестігі Арал қаласының оңтүстік-шығыс бетінде, Аманөткел, Мергенсай ауылдық округтерінде мұнай барлау жұмыстарына кірісуде, - деді Абзал Мұхимов.