АРАЛ АУДАНЫНДА ҚОЛАЙЛЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛ ҚАЛЫПТАСТЫ
«САРАТС» жобасы, халықаралық Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізін, Жезқазған-Сексеуіл шойынжолын салу, Бозой-Шымкент газ құбырын тарту Арал ауданында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырды.
Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7601,9 млн. теңгені құрады. Батыс Еуропа-Батыс Қытай, Сексеуіл-Жезқазған сияқты мегажобалардың аяқталуына байланысты нақты көлем индексі былтырмен салыстырғанда 34,9 пайыз болды. Тартылған инвестицияның 45,8 пайызын бюджет қаражаты құраса, 39 пайызы – жеке қаражат. Қалған бөлігін қарыз ақша мен банк несиелері құрады.
- Осылайша 2012-2015 жылдар біз үшін өсу, өркендеу, даму кезеңі боп тарихта қалды. Бұл кезең жаңа жобалардың басталуымен ерекшеленді, - дейді аудан әкімі Абзал Мұхимов.
Назерке САНИЯЗОВА