АРАЛ АУДАНЫНДА ҚҰНЫ 200 МЛН ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН КӨЛІК-СЕРВИСТІК КЕШЕН САЛЫНУДА
Сыр өңірінде жұмыс беруші мекемелердің жаңа жобалары арқасында 9 мыңға жуық адам еңбекпен қамтылған. Оның жартысынан астамы шағын және орта бизнес құрылымдары тарапынан ұсынылып отыр. Облыс орталығынан шалғайда жатқан Арал ауданында да кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейген. Арал ауданы Сексеуіл кентінің 3 азаматы бірігіп кәсіп ашпаққа бекініп, 3 жыл бұрын дүкен мен мейрамхана құрылысын бастайды. Орта жолда ортақ қаржылары таусылған әлгі үшеудің жұмысы да тұралайды. Тығырықтан шығудың жолын іздеген кәсіпкерлер жан-жақты жағалай бастайды. Осы ретте аудандық кәсіпкерлер палатасы көмегімен өңірлік инвестициялық орталық арқылы жобаны аяқтауға 10 млн теңге беріледі. Биыл жазғытұры ашылған сауда, мейрамхана кешені қазірде сексеуілдіктерге сапалы қызмет көрсетіп келеді.
- Халыққа қолжетімді, арзан бағамен сатылып жатыр. Нанды өзіміз пісіреміз. Ауылдың 20 адамы жұмыспен қамтылып отыр, - деді жеке кәсіпкер Жанкелді Сағымбаев.
Осыдан 4 жыл бұрын жеке балабақша ашуға бел буған аралдық Туби Ибраеваның да бастаған құрылысы орта жолдан үзілген. Бұл ретте де мемлекеттік қолдау арқасында кәсіпкердің жобасына қан жүгіріп, жуырда сәулетті 125 орындық балабақша бүлдіршіндерді қабылдай бастады.
Ғасыр жобасына баланған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің салынуы да іскер аралдықтар үшін үлкен мүмкіндік беріп отыр. Ғаламат жол бойында Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында кәсіпкерлік нысандар үшін 4 гектар жер телімі берілген. Қазірде жоба құны 200 млн теңгені құрайтын көлік-сервистік кешен салынуда. 60 адамдық тамақтану орны, 21 орындық қонақүй, қосалқы автобөлшек дүкені, жанармай құю мен көлік жуу бекеті және 50 көлікке арналған автотұрағы бар кешенді тез аяқтау үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы 60 млн теңге несие берілген.
Ауданда негізінен екінші деңгейлі банктер және өңірлік инвестициялық орталық арқылы 304 миллион теңгеге 31 жоба қаржыландырылды, - деді облыстық кәсіпкерлер палатасы Арал аудандық филиалының директоры Қадырхан Еңсепов.
Негізінен теңізге жақын қоныстанғаны балық аулап, түздегісі түйе бағып күнелткен Арал жұрты бүгінде кәсіпкерліктің түрлі саласын дөңгелетіп отыр.