АЙМАҚТЫҢ АЙТЫСКЕР АҚЫНДАРЫ АРАЛДА БАС ҚОСТЫ
Аудан әкімі Абзал Мұхимовтың тікелей қолдауымен Арал ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, «Елдігім-есендігім, хандығым-көсемдігім» тақырыбында аймақтық ақындар айтысы өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Айтысқа Қызылорда облысына қарасты аудандарынан онға жуық ақын келіп бақ сынады. Көненің сарқытындай сақталған сөз додасында ақындар елдің бүгіні мен ертеңін жырға қосты. Қазақ халқының тарихынан сыр шертті. Нәтижесінде І орын аралдық ақын Қайрат Құлекешовке, ІІ орын қазалылық ақын Марат Сүгірбаевқа, ал жүлделі ІІІ орын ең жас ақын Бексұлтан Орынбасаровқа тиесілі болды. Жеңіске жеткен ақындар аудан әкімі тағайындаған алғыс хаты мен арнайы сыйлықтарға ие болды.