АРАЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАЙ БАСТАДЫ
Арал ауданының Құмбазар елді мекенінде жаңа оқу жылында 100 орындық жаңа мектеп іске қосылды. Бұрынғы мектеп стандартқа сай келмегендіктен, ғимаратты салған «Жабдықтау» ЖШС-і ауыл тұрғындарына мектепті дер кезінде тапсырып қана қоймай, ауыл балалары үшін газонмен көмкерілген ойын алаңын тегін жасап берді, деп хабарлайды Арал аудандық Ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі.
Білім ордасының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Абзал Мұхимов сөз сөйлеп оқушылар мен ұстаздар қауымын және ауыл тұрғындарын зор қуаныштарымен құттықтады.
«Мектептегі сапалы білімге тең қол жеткізу міндеттері білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында белгіленген және маңызды орынға ие. Ауданда 52 мектеп жұмыс жасаса, оның соңғы екі жыл ішінде 6-уының құрылысы жаңартылып (2012 жылы – 4, 2013 жылы -2 мектеп) пайдалануға беріліп отыр. Биылғы жылы 6 мектептің құрылысын аяқтап, қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Осының есебінен үш ауысыммен оқитын мектептер саны 100 пайызға азайса, оқушы орнының тапшылығы 424 бірлікке кеміді. Апатты мектептер мәселесін республикалық, облыстық және жергілікті бюджет есебінен шешу олардың санын 8-ге дейін төмендетті», – дейді Абзал Сансызбайұлы.
Сондай-ақ, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуі, адами капиталды дамыту – білім беру сапасын арттырудың басты факторы екенін атап өткен аудан әкімі Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Экономика мен қоғамның ілгерілеу қажеттілігіне сәйкес, заманға сай білім беру жүйесі қажеттігін, әлемдік стандарт деңгейінде білім берудің сапалы қызметін ұсынуға қол жеткізуіміз керектігінің маңыздылығына тоқталды.
Оның айтуынша, білім беру ісін жетілдіру мақсатында «100 мектеп, 100 аурухана» және саланы дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары қабылданып, еліміздің білім беру саласын түбегейлі өзгертуге нақты қадамдар жасалып жатқандығын да атап өтті.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ