АРАЛДА КИІК, ҚАРАҚҰЙРЫҚ АУЛАУ ОҚИҒАЛАРЫ КӨБЕЙДІ
2014 жылдың бірінші жартысында Арал аудандық сотында барлығы 1408 іс қаралған. Оның 78-і – қылмыстық, 347-сі – азаматтық, қалғаны – әкімшілік істер. Бұл туралы сот төрағасы Ермек Тұрбаев баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, қаралған істер саны өткен жылдың 6 айындағы көрсеткіштен 221-ге көп болды. Қылмыстық істердің басым бөлігін ұрлық, киік, қарақұйрық сияқты құрып кетуге жақын жануарларды заңсыз аулау қылмыстары құрады.
Медиация тәртібімен 31 қылмыстық, 7 азаматтық іс қаралып, келісімге сәйкес олар қысқартылған.