АРАЛДА ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ҚҰДАЙБЕРГЕН СҰЛТАНБАЕВҚА КӨШЕ АТЫ БЕРІЛМЕК
Арал ауданының тумасы, ҚР Халық әртісі, «Тамаша» әзіл-сықақ театрының тарланы Құдайберген Тәуекелұлы Сұлтанбаевқа Арал қаласынан көше аты беріліп, асы өтеді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Осы шараға комедия жанрының майталманы болған Қ.Сұлтанбаевпен бірге еңбек еткен әріптестері Тұңғышбай Әл-Тарази мен Асылбек Боранбаев, үзеңгілес жора-жолдастары келеді. Сондай-ақ, Арал қаласының мәдениет үйінде өтетін еске алуға арналған кешке Ж.Сейдоллаұлы, М.Садуақасова, Ж.Ысқақова, Г.Оразымбетова, А.Еңсепов, Ө.Айниязов және басқа да эстрада жұлдыздары мен мәдениет қайраткерлерішақырылды.
Кеш Арал қалалық мәдениет үйінде, 23 қазан күні сағат 18-00-де басталады.