АРАЛ ҚАЛАСЫНА НИДЕРЛАНДЫ ЕЛІНЕН ЭКСПЕРТ КЕЛДІ
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасының «Аға Сеньорлар» жобасы аясында Арал қаласына Нидерланды елінен эксперт келді.
Аралдық жеке кәсіпкер Мейрамкүл Шашауова бірнеше жыл қатарынан нан өнімдерін шығарумен айналысып келеді. Бірер ай бұрын кәсіпкер Даму Қорының Қызылордалық филиалына «Аға сеньорлар» жобасы аясында кәсібіне эксперт шақыртуға өтініш берген болатын. Даму Қоры Нидерландыдағы ірі PUM агенттігімен бірлесе отырып, эксперттік миссияны жүзеге асыруға Ян Бартен атты сарапшыны шақырды.
45 жылдық тәжірибесі бар эксперт Ян Бартен өз елінде ағасымен бірге жеке наубайханасының жұмысын басқарып келеді. Эксперттің айрықша ерекшелігі, оның өз бизнесін басқарып қана қоймай, нан өнімдерін тікелей өзі пісіретіндігінде. Оның айтуынша ол өндіретін өнімінің 70% нан болса, қалған 30% тәтті өнімдерден құралады. Бүгінде эксперт, Мейрамкүл Шашауованың қызметкерлерін нан өнімдерін әзірлеуді қол сыбана үйретуде. Басқару мен өндіру саласында көп жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман өзінің нан өнімі мен кондитерлік тәттілерді пісірудегі өзіндік құпияларымен де бөлісуде. Сарапшы күнделікті өндіріс процесіне қатысып, персоналды күндіз-түні оқытуда. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу 14 күн бойы жүреді.
Аралдық әйел кәсіпкер Мейрамкүл Шашауова эксперттік миссияның жүзеге асуы барысына көңілі толатынын жеткізді. Оның сөзінше эксперт персоналды үйретіп қана қоймай, нан мен кондитерлік өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды қолға алып, наубайхана ұсынатын өнім түрлерін көбейтуде.
- Шетелдік маманның нан өнімдерін әзірлеу тәсілдері, біздің әдістен әлдеқайда өзгешелеу болады екен. Мені қуантатыны ол өз жұмысының қыр-сырларымен ерекше ықыласпен бөліседі. Таң қалдыратын тағы бір жайт, Ян Бартеннің өмір бойы бір іспен ғана шұғылданғаны, оның бұл істі шын-жүрегімен сүйетіндігін білдіреді. Себебі нан өнімдерін 45 жыл қатарынан күн сайын пісіру көптің қолынан келетін іс емес, - деп өз әсерімен бөлісті Мейрамкүл Шашауова.
Еске сала кетсек, «Аға сеньорлар» жобасы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шеңберінде қызметкерлерді оқытуға және әртүрлі бизнес-міндеттердің шешімдерін табуға мүмкіндік беретін ерекше жоба. Аталған жоба аясында жаттықтырушылар ретінде халықаралық компанияларда басқару, өндіру, жұмыс саласында үлкен тәжірибесі бар кәсіпқойлар қатысады. Шетел сарапшыларының ұшуы бойынша шығындарды және олардың қызмет ақысын, мемлекет өз қаражатынан өтейді.