КӘСІПОРЫНДАР ЖҰМЫСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Арал аудандық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Аралтұз» АҚ-ның вице-президенті Н.Әуесхановтың хабарламасы тыңдалды. Хабарламашы жаңа технологиялармен жарақтандырылып қарқынды күш алған «Аралтұзда» өнімді еңбек етіп жатырған жұмысшылардың қысқартылуына және өзге де жағдайларға жол берілмейтінін, жалақының уақытылы төленіп келе жатырғанын айтып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған «Қамқор Локомотив» ЖСШ-нің «Сексеуіл локомотив жөндеу депосы» филиалының директоры М.Кеулімжаевта өз хабарламасында теміржолшылар жұмысының талапқа сай жүріп жатқанын, жалақы мәселесінде де іркіліс жоқтығын, соның нәтижесінде дағдарыс салқынының әзір сезіліп тұрмағанын баяндады.
Комиссия төрағасы Қ.Жанұзақов комиссия отырысын қорытындылап, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Тоғысоваға мекемелердегі қысқарту, айлық жалақылардың уақытылы төленуіне тұрақты бақылау жасауды, жұмысшылардың қысқарту сияқты мәселелерді болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.