КОНСУЛЬТАТИВТІК-КЕҢЕСШІ ОРГАН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Арал ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік кеңесші органның кезекті комиссия отырысы өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Тоғысова түзеу мекемелерінен босатылған және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны өтеп жүрген адамдар үшін еңбекке, тұрмыстық орналасуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде мәліметтерге сүйене отырып сөз қозғады. Сондай-ақ, әлеуметтік және өзге де көмек түрлерін ұйымдастыруға жәрдем көрсету бағытындағы нәтижелі жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Екінші мәселе бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі бастығы, полиция майоры М.Дәрмағамбетовтің аудан көлемінде бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыс пен құқық бұзушылықтың жағдайы, нақты көрсеткіштер бойынша жан-жақты баяндамасы тыңдалды. Сонымен бірге, қазіргі кезде олармен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың барысы баян етілді.
Комиссия төрағасы Қ.Жанұзақов отырысты қорытындылай келе, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы П.Берсүгіровке түзеу мекемелерінен босап келген азаматтардың ынта жігерін арттыруға қазан айында спорттық шаралар өткізу жөнінде ұсыныстар беру тапсырылды.