МАМАНДАР ЖОБА БОЙЫНША ОЙ БӨЛІСТІ
Арал қаласындағы «Барсакелмес» мемлекеттік қорығының конференция залында «Қорғалатын аймақтардың іші мен айналасында биоалуантүрлілікпен үйлесімді тіршілікті қамтамасыз ету көздерін ілгерілету арқылы шөлді экожүйелердегі қорғалатын аймақтардың тұрақтылығын арттыру» маңызды жобалар бойынша Қазақстан Республикасындағы «Халықаралық Аралды құтқару» қорының атқарушы дирекциясы мен Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры Қызылорда облысының әкімдігінің қолдауымен, «Қызылорда облысының Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округінің шалғайдағы жайылымдарында малды мобильді ұстаудың тәжірибесін көрсету» жобасының нәтижелері бойынша, «Арал-Сырдария» өңіріндегі шөлді жағдайларда жайылымдық экожүйелерді тұрақты басқарудың инновациялық тәсілдері» тақырыбында семинар өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Семинар жұмысына Қызылорда облысының әкімдігі мен облыстық басқармалардың және Алматы, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері, Қызылорда облысының аудан мен ауылдық округтерінің әкімдіктері, Барсакелмес қорығының өкілдері, жергілікті халық, МЕҰ, сонымен қатар, жобаны жүзеге асырушылар мен донорлар қатысты.
Маңызды жиынды аудан әкімі А.Мұхимов ашып, ауданымызда жасыл экономика бағдарламасы бойынша атқарылып жатырған игі жұмыстар жайында кеңінен тоқталды. Мұнан соң, ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңесінің басшысы Наталья Зарудная мен ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңесінің басшысы Рати Джапаридзе жобаның ауқымдылығын, мақсатын жан-жақты ортаға салды.
Семинарға қатысушылардың жұмыс сапары Жаңақұрылыс ауылдық округінде жалғасты.