АРАЛДЫҚ ҰСТАЗ АВТОКӨЛІК ЖЕҢІП АЛДЫ
Арал ауданында «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында ұстаздар балы өтті. Шара барысында мұғалімдер арасындағы пән олимпиада жеңімпаздары анықталды.
Аудандық пән олимпиадасы өткен жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарих пәні мұғалімдерінің арасында ұйымдастырылды. Нәтижесінде бас жүлдені №57 мектептің мұғалімі Іңкәр Әбішева иеленіп, аудан әкімі А.Мұхимов автокөлік кілтін табыстады. Екінші орынды жеңіп алған №59 мектеп мұғалімі Жетес Әйтімов пен үшінші орын иегері №20 мектеп мұғалімі Сәндігүл Жұбаеваға қомақты сыйақы табыс етілді. Бұдан өзге, олимпиадада Арнайы дипломмен марапатталған бес мұғалімге 20 мың теңге көлемінде сыйлық берілді.
- Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де ұстаз. Болашақтың данасын да, дарасын да ата-анадан кейін, ұстаз тәрбиелейді. Сондықтан, мұғалімнен өнеге-білім алған кез-келген шәкірт ұстазымен мақтанады. Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отыра, шәкірттеріңіз биік шыңдарға шыға берсін деген тілек білдіремін», - деп аудан әкімі А.Мұхимов мерекелік лебізін жеткізді.
Ұстаздар балында ағартушылық саласы мен білім беру жолында белсенді қызмет жасап, аянбай еңбек еткен бірқатар ұстаздар ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.