ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қазыналы қарттарымызды құрметтеу – баршамыздың ортақ азаматтық парызымыз. Осы орайда «Арал» мейрамханасында Арал қаласы әкімі Дәуренбек Мадинов қарттарға дастархан төрінен орын беріп, құрмет көрсетті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бас қосуда сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қ.Жанұзақов:
- Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қарияларымыздың орны ерекше. Біз өнеге тұтып, әлі де ақыл-кеңес, тәжірибесін үйренетін, өмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білген аға буын өкілдерін құрмет тұтамыз, - деп шынайы лебізін білдірді.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кішкене Айбосынов қарттарды құттықтап, дендеріне саулық тіледі. Ел ынтымағы мен бірлігінің ұйытқысы болған қазыналы қарттарға жасалған қамқорлықтары үшін басшылыққа ардагерлер шексіз ризалықтарын білдірді.