ДЕПУТАТТАР ӘКІМДЕРДІ САЙЛАДЫ
Арал аудандық мәслихат депутаттары Атанши және Жетес би ауылдық округтерінің әкімдерін сайлады. Халық қалаулылары әкім лауазымына үміткерлер есімін кабиналарда таңдап, жеке-жеке дауыс берді.
Олардың пікірінше, ауылдық округ әкімдерін сайлау барынша әділ өтті.
Сайлауда үміткерлердің басқарушылық қабілеттері, жұмыс өтілі, кәсіби біліктілігі таразыға салынған. Сонымен бірге, олардың халықпен жұмыс істей білу қабілеті де сарапқа түскен.
Аудан әкімінің өкіміне сәйкес, 1 қазанда жаңадан тағайындалған әкімдер есімі анықталатын болады.