ҰРПАҚТАРЫ АЙДАРБЕК БАБА РУХЫН ҰЛЫҚТАДЫ
Жау өтінде жасындай жарқылдаған ақ сауытты Айдарбек батырдың төрт баласы Татыран, Алтынбай, Күлік, Арданадан тараған ұрпақтары төрт рулы елге айналып, бағзы заманнан Сыр елінде ғұмыр кешіп келе жатыр.
Баба ұрпағы Арал маңынан бой көтерген ескерткіш белгінің жанында бас қосып, оның рухын ұлықтады. Бүгін аудан әкімі Абзал Мұхимов салтанатты түрде ескерткіштің лентасын қиды.
Арал ауданының әкімі А.Мұхимов, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының бірінші орынбасары Н.Байқадамов, «Айдарбек баба қоры» қамқоршылар мүшесі – М.Ізмаханов бастаған зиялы қауым өкілдері салтанатты рәсімде бабаны ұлықтау сөздерін арнады. Абзал Сансызбайұлы баба ұрпақтарына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың, Діни басқарманың жауапты қызметкері Байзақ Бекмұратов ҚР бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының құттықтау хаттарымен таныстырды.
Шекті тайпасы, Өріс баласы Айдарбек батырдың жау төбесінде ойнаған болат қылышы табылған болатын. Бүгінгі салтанатты рәсімде төрт ғасыр сақталған қылыш мұражайға табыс етілді.Тарихи жәдігерді баба ұрпақтары мұражай иесі Мәди Жаскеновке аманаттады.
Айдарбектен тараған төрт баланың ұрпақтары баба рухына құран бағыштап, орталық мешіттің бас имамы құран-хатым түсірді. Батырдың өзінің жатқан жерінен арнайы әкелінген бір уыс топырағы ескерткіш іргесіне қойылды. Ескерткіштің ашылу салтанатынан соң қонақтарға ақшаңқан киіз үйлерде ас беріліп, сайын далада ат шаптырылып, ұлан асыр той өтті. Жеңімпаз шабандоздарға автокөлік кілті, жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды.