АРАЛДЫҚТАР ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚАРЫҚ БОЛУДА
Арал тұрғындары жылыту маусымы басталмай тұрып үйлеріне газ тартуға асығып жатыр. Қалада жеке үйлер мен әлеуметтік нысандарға газ тарту жұмысы басталып кетті, деп хабарлайды BNews.kz.
«ҚазТрансГаз» АҚ Қызылорда облысының ауылды елді мекендеріне газ тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырынан Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі ауылдарына, Жаңақорған мен Байқоңыр қалаларына газ тартылуда. Аталған елді мекендерде 210 мың адам тұрады.
Арал қаласында мердігерлер 230 км газ құбырын тартты, енді мұнда, Арал ауданының мәліметтеріне сәйкес, газды жеке үйлер мен әлеуметтік нысандарға тарту жұмыстары басталып кеткен.
Арал қаласының тұрғындарынан күні бүгінге дейін үйге газ тарту туралы мыңнан аса өтініш түскен. Жүзден аса үй газ тартып үлгерді, қалғандарына сәйкес қызмет тиісті ақы жасалғаннан кейін көрсетілетін болады.
Аралдың тұрғын алабын газбен қамту жұмыстарын «СпецГазМонтаж» ЖШС мердігер компаниясы ағымдағы жылдың наурызынан бастаған, қазір оның нәтижесін кез келген тұрғын өз көзімен көре алады.
«Айта кетерлігі, осы жұмысқа тартылған 115 адамның басым көпшілігі жергілікті тұрғындар. Олар өңірді газдандыру кезеңіне жақсы жоғары жалақылы жұмыспен қамтылып отыр, - деді «СпецГазМонтаж» ЖШС филиалының учаске басшысы Жәдігер Оразалы. – Жоспарланған жұмыстардың бәрін біздің компания уақытылы және белгіленген межеге сәйкес орындап жатыр, биылғы қыста көптеген аралдық отбасы үйін арзан табиғи газбен жылыту мүмкіндігіне ие болады».
«ҚазТрансГаз» АҚ ақпаратына сәйкес, үйге газ тарту қызметі әр отбасыға қолжетімді болу үшін екінші деңгейлі банктердің бірі үйде газ қондырғыларын орнату мақсатына 250 мың теңге көлемінде кредит ұсынып отыр. Жеке куәлік, жалақы туралы анықтама немесе зейнетақы кітапшасын ұсыну арқылы тоғыз ай мерзімге зайым рәсімдеуге мүмкіндік бар. Елдер осы мүмкіндікті қалт жібермеуде, себебі үйді газбен жылыту көмірмен жылытқаннан әлдеқайда арзан. Сондай-ақ Аралды газбен қамту жергілікті халықтың әлеуметтік ахуалын біршама көтерді деуге болады.

Комментарии 1