АРАЛДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен аралдықтар бір айлық сенбілікті қарқынды түрде жалғастыруда. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Көше қоқыстарын тазалап, аула сыпырып, ғимараттардың сыртын әктегендердің бүгін қарасы көп. Білім, денсаулық, мәдениет саласының қызметкерлері мен өзге көше тұрғындарының сенбілікке бір кісідей жұмылып, қала тазалығына мән бергендігі байқалады.
Аталмыш ұжым мүшелері көшелерде автожол жиегіндегі құмды алу, бордюрлерді әктеу және басқа да көптеген абаттандыру жұмыстарын атқарды. Жалпы алғанда, қаладағы барлық мектептер ауласына, Бақтыбай батыр – Әбілхайыр хан көшелері бойындағы әлеуметтік-мәдени нысандар мен көп пәтерлі тұрғын үйлерге тазалық жұмыстары жүргізілді.