АРАЛДА ТІЛ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Тіл – халықтың жаны. Қай ұлттың болмасын қатынас құралы, тәлімі мен тәрбиесінің негізі. Бүгін аудандық мәдениет орталығында 22 қыркүйек – Тілдер мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
— Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Туған тілдің мерейін өсіру – әрбір адамның басты міндеті. Тәуелсіздік алтын тұғырымыз дейтін болсақ, сол тұғырды тіреп тұрған мемлекеттік рәміздер кейінгі – қазақ тілі»,-деген еді. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ең алдымен бізге жүктелген үлкен міндет, — деді мерекелік кеште аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тәңірберген Дәрменов.
Мұнан соң тіл мәртебесін көтеруге сүбелі үлес қосып жүрген мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен мұғалімдерге аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Мерекелік шара соңы аудандық мәдениет орталығы өнерпаздарының концертіне ұласты.