АЙДАРБЕК БАБАҒА АС БЕРІЛЕДІ
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ХVІ-ХVІІ ғасырларда Арал, Қазалы өңірлерінде өмір кешіп, Жоңғар, Қоқан, Хиуа басқыншыларына қарсы ұлт-азаттығы жолында күрескен Ақ сауытты Айдарбек батырды ұлықтау мақсатында баба ұрпақтарының бастамасымен, «Айдарбек - баба» қоғамдық қорының қолдауымен 2014 жылы Қазалы ауданындағы жерленген қабірінің басына зәулім кесене тұрғызылған еді. Ал биыл Арал қаласына кіреберіс жолда жас ұрпақтың бойына отаншылдық, елдік рухты сіңіретін, тағзым ететін батыр бабаның еңселі ескерткіші орнатылды. Енді алдағы 23-26 қыркүйек күндері аталған ескерткіштің ашылуы мен баба рухына ас беру рәсімі өтеді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Сонымен, шаралар легі белгілі әншілер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғанипа Сады¬қова, терме¬ші Аманқос Садықов, Тө¬реғали Төреәлі және басқа¬лардың қатысуымен орталық алаңда гала-концерт басталады.
25 қыркүйек, сағат 16.00-де аудандық мә¬дениет үйінде «Жыр ар¬қауы - Айдарбек батыр» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылады. 26 қыркүйек, сағат 10.00-де Айдарбек баба ескерт¬кішінің ашылу салтанаты өтеді. Мұнан соң «Сайқұдық» ипподромында баба рухына бағышталып ас беріледі.
Мерекелік шара барысында аламан, құнан бәйге болады. Бас бәйгеге жеңіл авто-көлік және ақшалай-заттай сыйлықтар тігіледі.