БӨГЕНДЕ ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАН БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Бөген елді мекенінде ауыл жастарының арасында волейболдан аудан біріншілігі өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде І-орынды Арал қаласы, ІІ-орынды Жақсықылыш кентінің командалары ұтып алды. Ал ІІІ-орын Бөген ауылы ойыншыларына бұйырды. Сондай-ақ, белсенді қатысушылар "Жеңіске деген жігері үшін", "Үздік шабуылшы", "Үздік байланыстырушы", "Үздік қорғаушы", "Пайдалы ойыншы" секілді түрлі номинациялармен марапатталды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге Арал аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің кубогі, демеушілердің арнайы медальдары және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге Арал аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің кубогі, демеушілердің арнайы медальдары және ақшалай сыйлықтар табысталды.