БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ
Кеше Арал аудандық №262 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында мектеп басшылары мен балабақша меңгерушілерінің педагогикалық кеңесі өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Кеңейтілген кеңестің күн тәртібінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және әлеуметтік көмек көрсету жайы, құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасының жүзеге асыру барысы, білім ұйымдары бойынша ұлттық білім беру деректер қорын мерзімді толықтыру мәселелері, аудандық білім беру ұйымдарында педагогикалық кадрлар аттестациясының қорытындылары талқыланды.
Күн тәртібіндегі тақырыптан тыс жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов білім ошақтарының жылу беру маусымына дайындығын саралап, бұдан өзге, мектеп формаларының этикалық нормаларын сақтауда аса жауапкершілікпен қарауларын міндеттеді. Аудан әкімінің орынбасары сондай-ақ, елімізде теңге бағамының еркін айналымға өтуіне байланысты білім қызметкерлерін елде тұрақтылықты сақтауға үлес қосуға шақырды.
Кеңес қорытындысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік хал актілері бөлімінің мамандары мектептегі бос жұмыс орындарына мұғалімдерді заңдылық тәртіппен орналастыру ережелеріне сәйкес педагогтер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.