МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арал аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Абзал Мұхимовтың төрағалығымен басты міндеттерге мән берген алқалы жиын өтті. Ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларының қатысуымен өткізілген жиын күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде өрбіді.
Алдымен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Тоғысова мүгедектердің құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту бағытында атқарылған шаралар туралы баяндады. Мұнан соң, аудандық білім бөлімінің басшысы Бөрі Дабылов жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Сондай-ақ, мәжілісте аудандық қаржы бөлімінің басшысы К.Қыздарбеков бюджет қаржысының игерілуін, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ә.Жалғасбаев бөлім тарапынан 8 айдағы атқарылған жұмыстарды баяндады. Бұдан бөлек, аудандық ЖКХ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Абат Жақсыбаев әлеуметтік нысандардың қысқы маусымға дайындығын слайд арқылы көпшілік назарына ұсынды. Ал, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Шералы Оразов азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақырудың барысы туралы сөз етті. Басқосуды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов «Аралтұз» АҚ-ның 90 жылдық мерейтойына дай ындық шараларын жиналғандарға құлағдар етті.
Кеңейтілген мәжіліс барысында көтерілген тақырыптарды мұқият тыңдаған аудан басшысы А.Мұхимов қордаланған мәселелерге өз пікірін білдіріп, халық үшін атқарылған жұмыстарға ат үсті қарамауды аудан активіне ескертті.
Кеңейтілген мәжіліс барысында көтерілген тақырыптарды мұқият тыңдаған аудан басшысы А.Мұхимов қордаланған мәселелерге өз пікірін білдіріп, халық үшін атқарылған жұмыстарға ат үсті қарамауды аудан активіне ескертті.