АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ГАЗ ЖҮРГІЗУДІҢ ТӨЛЕМ НОРМАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Аралдықтар газ тарту жұмысына белсене кіріскен. Қазіргі таңда ауданда газ жүргізуге тұрғындардан 1000-ның үстінде арыз түссе, қаржысын төлеген 125 адам үйлеріне газ қондырғыларын орнатқан, 400-ден астамының құжаты дайын.
Кеше аудан әкімі Абзал Мұхимов газ жүргізудің төлем нормаларын білу үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы несиемен қамтамасыз ететін «Хоум кредит» банкінің аудандағы өкілімен кездесті. Банк өкілі Дәулет Есенбаевтың мәлімдеуінше, бюджет саласының қызметкерлері, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар аталмыш банк тағайындаған несиені алуға мүмкіндігі бар. 6 айдан 9 айға дейінгі аралықта 0%-дық жеңілдік қарастырылған несие алу үшін тұлғалар жеке төл құжат пен айлық табыстық немесе зейнетақы кітапшасын әкелуі міндетті. Банктік кепілдеме ретінде 10 пайыз ұсталады. Небәрі 15 минутты алатын сұраныс амалдарынан соң, әр үйге барып газ компаниясының мамандары өздерінің құрылғыларын орнатып беретіндерін жеткізді.
Жұмыстың жай-жапсарымен танысқан аудан әкімі А.Мұхимов несие беруші жауапты маманға тұрғындардың өтінішін байыппен қарап, келеңсіздіктердің орын алмауын, жұмыстың тиянақты атқарылуын қатаң тапсырды.
Аудан әкімі Абзал Мұхимов кезекті сапарын қаладағы Бекетай би көшесінде жалғастырып, газ құбырын кіргізген Жәлішевтердің шаңырағындағы қуаныштарымен бөлісті. Әулет иесі Сағынай Жәлішев пен жұбайы Ақбала Айназарова аудан басшысына газ жүргізген компанияның жүйелі жұмыстарын айтып, тек қана алдағы уақытта «бастау» белгісін күтіп отырғанын жеткізді. Аудан басшысы А.Мұхимов газ құбыры мен орнатылған пештің жүйесімен егжей-тегжейлі танысып, үй иелеріне қондырғының газбен қамтылып, үйге тезірек жылу келуіне тілектестігін білдірді.