АРАЛДА «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ - 2015» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
«Дені саудың – жаны сау» деген ұранды басшылыққа алған аралдықтар «Денсаулық фестивалі – 2015» акциясында Арал ауданы тұрғындары бас қосты, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі. Акцияның негізгі мақсаты – әр адамның өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру, халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Алдымен аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов фестивалді ашық деп жариялады. Мұнан соң, жастар жағы таңғы гимнастика жаттығуларын орындап, денсаулық шарасын флешмоб биімен жалғастырды. Аудан тұрғындары арнайы амбулаториялық орталықтың медициналық тегін тексеруінен өтіп, салауатты өмір салтының ережелерімен танысты.