АРАЛДА СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ КӨШЕ БЕРІЛДІ
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Арал қаласындағы көшеге ардагер Ғани Шектібаевтың есімі берілді. Аудан әкімдігі мен көше тұрғындарының қолдауының арқасында атқарылған салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алдаберген Жоланов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кішкене Айбосынов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тәңірберген Дәрменов пен ардагердің ұрпақтары, көшенің тұрғындары қатысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
«Ғани Шектібаев соғысты көрген қазақстандық жауынгер. Ол ел мен жерді неміс басқыншыларынан азат ету үшін күресті. Майданнан оралып, ауданның дамуына да сүбелі үлесін қосты. Заң органы, аудандық комитет, қалалық кеңесте, ауданның материалдық базасын кеңейтуде атқарған жұмыстарының өзі ұшан теңіз. Бүгінгі күні ерлік пен даңқтың иесі, ҰОС және еңбек ардагері Ғани Бейімбетұлының рухына ұрпақтары бас иіп тағзым етеді», - деді аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов.
Шара аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Ғани Шектібаевтың есімі берілген мемориалдық тақта ашылды. Мұнымен қоса, салтанатты шара соңында «Арал» мейрамханасында ардагер рухына құран бағышталып,ас берілді.
Шара аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Ғани Шектібаевтың есімі берілген мемориалдық тақта ашылды. Мұнымен қоса, салтанатты шара соңында «Арал» мейрамханасында ардагер рухына құран бағышталып,ас берілді.