СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Кеше ҚР Сенатының депутаттары Б.Еламанов пен М.Бақтиярұлы, Парламент мәжілісінің депутаты А.Тұртаев ауданға іссапармен келіп, әлеуметтік маңызға ие нысандарды аралап шықты. Бұл туралы аудан әкімі баспасөз қызметінен хабарлады.
Депутаттар алдымен «Аралтұз» АҚ кәсіпорынында болып, ондағы жаңадан ашылған полимер дайындайтын жаңа цехтың жұмысымен танысты. Бұл зауытта өндірілген өнім аймақтағы басқа өндіріс орындарына шикізат дайындайды. Жаңа зауыттың іске қосылуы 800-ден астам адамды еңбекпен қамтиды, оның 95 пайызы – жергілікті тұрғындар.
Халық қалаулылары одан кейін қаладағы газ құбырларының жүргізілу қарқынын бағдарлады. Барлығы бүгінге дейін 211 шақырым қазу жұмыстары жүргізіліп, құбырлар салынған. Газ жүргізу жұмысына жұмылдырылған мамандардың 95%-ы Аралдың тұрғындары. Қазірге дейін үйге газ тарту жұмыстарына аудан тұрғындарынан 947 өтініш қабылданған. Оның ішінде 380 үйдің жобасы жасалынып отыр. 85 монтаж құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Ранар» ЖШС ұн өндіру комбинаты да депутаттар назарынан тыс қалмады. Депутаттар аталған кәсіпорынның жұмысымен егжей-тегжейлі танысып, айына 4500 тонна ұн өндіретін жаңа техниканың қолданыста екендігінен хабардар болды. «Аралым» брендімен шығарылатын ұн өнімдерінің сапасы жоғары.Зауытта 40 адам үш ауысыммен күндіз-түні жұмыс істейді.
Ары қарай депутаттар және бір топ лауазым иелері қаладағы жеке кәсіпкер Ақыл Сәдуақасованың «Ақниет» мейрамханасы мен «Алтай» сауда дүкенінде болып, кәсіпкерліктің тыныс-тіршілігіне көңіл бөлді. 360 орындықты аталмыш мейрамхана биыл ғана күрделі жөндеуден өткен екен. Қонақтарға жайлы, іші салқын, келушілерге қойылған бағасы да қалта көтереді. Сенат депутаттары мейрамхананың ішкі көрінісіндегі безендірілуіне тамсанды. Сапалы жасалынған жөндеу жұмыстары халық қалаулыларының көңілінен шықты.Кәсіпкер А.Сәдуақасова мұнан соң меймандарды жаңадан бой көтерген «Алтай» сауда дүкенінің жұмысымен таныстырды. Нысан ішіндегі сатушылармен тілдескен депуттартар жылқы, сиыр, қой еттерінің нарықтағы бағадан 15%-ға, ұн өнімдері 10%-ға, сусындар 8%-ға төмен екендігіне көз жеткізді.
Меймандардың сапары Ә.Нұрпейісовтың әдебиет үйінде жалғасты. Экспонат ретінде қойылған жазушының еңбектерімен, қабырғадағы естелік суреттерімен танысып қайтты. Халық қалаулылары осылайша ауданның даму қарқынына куә болып, өңірдің өркенді істеріне сәттілік тіледі.