КЕНЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ТАРАЗЫЛАНДЫ
Қырым безгегінен қорғанудың тəсілдерін халық арасында насихаттау Арал ауданында кең көлемде өріс алып отыр. Осы мақсатта Арал қаласына Қызылорда облысы əкімі аппаратының жұмылдыру жұмыстары жəне дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы КММ-нің басшысы Жасұлан Шынтасов келіп, аудандық штаб мүшелеріне, ветеринариялық пунк қызметкерлеріне індетті болдырмау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
- Залалсыздандыруды бүгіннен бастағалы отырмыз. ҚКГ қызбасының табиғи ошағы орналасқан елді мекендерде мал қоралар мен аулаларды күл-қоқыс, көңнен толық тазарту керек. Денсаулық сақтау, ветеринария саласының мамандарының жүргізген ҚКГҚ ауруларының эпидемиологиялық ахуалы жəне проблемалық мəселелері жөніндегі атқарған жұмыстары біздің назарымызда. ҚГҚ-ның эпидимияға қарсы, алдын алу іс-шараларын облыстың барлық аумағында жоғары деңгейде жүзеге асыруымыз қажет, - деді Ж.Шынтасов.
Ал, аудандық орталық ауруханада КҚГҚ ошақтарында санитарлық індетке қарсы іс-шаралар құру комиссиясы бекітілген. Бұл туралы орталық аурухана бас дəрігерінің орынбасары Амантүгел Кірбасов хабардар етті. Аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы А.Мусаевтар қатысқан басқосуда жиналғандар кене шағудың алдын алу, оны емдеудің жолдары жайлы өз пікірлерін ортаға салды.