ӨРТ ДЕПОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Арал ауданында ІІ типтік жобадағы 6 шығысқа арналған өрт сөндіру депосының құрылысы басталды, деп хабарлады Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы. Кешенді салу үшін Арал қаласы Төле би көшесі н/ж мекен - жайдан 3 га жер бөлінді.
Өрт депосының құрылысын жүргізу үшін конкурс жарияланды және Қызылорда қаласы «Атамекен» ЖШС жеңімпаз атанып, бүгінгі күнге дейін құрылыс алаңын дайындау, өрт депосының іргетасын құю, бақылау бекетінің ірге тасын қою, қабырғасын тұрғызу жұмыстары қолға алынуда.
Өрт сөндіру депосы құрылысын аяқтау 2016 жылдың аяғына дейін жоспарланған.