МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ТӨМЕННЕН ҚАБЫЛДАУ ӨТЕ ТИІМДІ
Бұл туралы ҚРМ қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Берікбол Байхожаев ауданға жұмыс сапары барысында мәлімдеді. Жұмыс сапарының басты мақсаты – Елбасы жария еткен 5 институттық реформаны «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары арқылы жүзеге асыру жолдарын насихаттау және оны халыққа жан-жақты жеткізу болатын.
Берікбол Байхожаев 100 қадамның алғашқы 15 қадамын «Кәсіби мемлекеттік аппарат» құрудың маңыздылығына тоқталып, елдегі индустрияландыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету мемлекеттік аппарат жүйесіне, мемлекеттік орган қызметкерлерінің пәрменділігіне байланысты екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымнан басталуды қолдайтынын айтты.
- Мемлекеттік қызметке төменнен қабылдау тиімді деп ойлаймын. Себебі, жұмыстың іс-тетігін төменнен меңгеріп, білім тәжірибеңді шыңдап, биіктеу өз нәтижесін береді. Мұндай таңдау алдыңғы буынның діттеген жеріне оңайлықпен жетпегенін ұқтырады және бұл кейінгі буынның сабақ алуына да қажет,- деді өз сөзінде Берікбол Байхожаев.