АРАЛ АУДАНЫНДА РЕФОРМАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕ ЖИЫН БОЛДЫ
«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалында 100 нақты қадамның реформалық жұмыстар жөнінде облыста құрылған ақпараттық топ жиын өткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға ішкі саясат бөлімі, кәсіпкерлер палатасы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары, қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.
Ұлт жоспарына баланған аталмыш реформаны жүзеге асыру жолындағы 100 нақты қадам туралы «Қазпочта» АҚ-ның облыстық филиалы директорының орынбасары П.С.Ерсейтов баяндама жасады. Кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналған бағыттарға кеңінен тоқтаған ол мемлекеттік қызметтің корпус қызметін жан-жақты баян етті. Мұнан соң облыстық Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының газ инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы О.Қ.Исмалаев «Тұрақты экономика» бағыты бойынша сөз сабақтады.
Насихаттық топ мүшелері жиынға қатысушылар тарапынан түскен сұрақтарға жауап қайтарып, алдағы уақытта аталған бағыттар аясында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.