ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ДӘРІПТЕЛДІ
Қызылорданың өнерлі жастары Арал ауданында. Сыр елінің өнерлі жастары кеше Арал ауданында болып, халыққа Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Өнер керуені» атты концерттік бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Дәстүрлі ән мен жырды, күмбірлеген күйді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада халықаралық, республикалық жыр-термелер фестивалінің жүлдегері Марат Сүгірбай, халықаралық шабыт фестивалінің гран-при иегері Батырхан Сәрсенхан, мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Назгүл Бердіқожа, республикалық жыр мүшайларының жүлдегерлері Төрехан Нысабек пен Назерке Өрқара, «Самғау» жастар сыйлығының иегерлері Серікхан Жүзеев пен Мақсат Дауылбай, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері Мөлдір Айтбай, республикалық айтыстардың жүлдегерлері Сырым Әділбек және Бибігүл Тілеуболдинова, халықаралық, республикалық жыр-термелер байқауының бірнеше дүркін жеңімпазы Күнсұлу Түрікпен, халықаралық ән конкурсының жеңімпазы Эльвира Есназарлар өнер көрсетті.
Айта кету керек, Қызылорда облысының барлық аудандарында өнер кештерін ұйымдастырған Сыр өнері саңлақтарының ендігі бағыты – Қазалы ауданында.