АРАЛ АУДАНЫНДА «БИЗНЕС КЕҢЕСШІ» ОҚУ КУРСЫ ӨТТІ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртінші бағыты аясында кәсібін енді бастағалы отырған және кәсібін бастағанына 1 жыл толмаған азаматтарға арналған «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқыту курсы өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өз кәсібін енді ашуды жоспарлап жүрген бастамашыл тұрғындар мен оны әрі қарай дамыту ниетіндегі кәсіпкерлерге арналған бұл курста кәсіпкерліктің негіздері, бизнесті ашу, маркетингтік және басқарушылық қабілетті дамыту, қаржы заңдылығы секілді бизнесті сауатты жүргізуге қатысты оқытылды. Қысқа мерзімдік оқыту жобасына Арал ауданы бойынша барлығы жиырма бес азамат қатысып, оларға тәжірибесі мол білікті тренерлер дәріс берді. Оқу соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
«Бизнес-кеңесші» жобасы алдағы айларда да жалғасады. Келесі оқыту курсы тамыз айында өткізу жоспарланды.