Н.ӘЛІБАЕВ АРАЛ АУДАНЫНДА БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев Арал ауданына іссапары барысында ауданға қарасты ауылдарды аралады, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңақұрылыс, Жіңішкеқұм, Сексеуіл, Қосаман, Ақеспе елді мекендеріндегі және Арал қаласындағы әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысып, жаңадан бой көтеріп жатқан құрылыстардың жағдайын бақылады. Ауылдардың әлеуметтік жағдайы, халықтың тұрмыс-тіршілігі, өзекті мәселелер жөнінде елді мекендердің әкімдерімен пікірлесті.
Ақеспе елді мекеніндегі 20 орындық балабақшасымен қоса 50 орындық №237 мектептің қазіргі таңда екінші қабат тас қалау жұмыстары, сонымен қатар бірінші қабаттың сылақ жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл нысан үстіміздегі жылдың 15 тамызы күні беріледі деп күтілуде. Сексеуіл кентіндегі 100 келушіге арналған емхана ғимаратының ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, Жаңақұрылыс елді мекеніндегі 200 орындық мектеп құрылысының А және Б блоктарының екінші қабатқа тас қалау аяқталып, төбе жабу жұмыстары жүргізілуде. Бірінші қабатта терезелері салынып, ішкі сылақтары да жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев аталмыш құрылыс нысандарында болып, мердігер компания жетекшілеріне нақты тапсырмаларын берді.
Өңірге сапары барысында облыс әкімінің орынбасары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша қайта қалпына келтірілген тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарының барысына да назар аударып, оң бағасын берді.