КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ҚҰБЫРЛАРЫ ҮЙЛЕРГЕ КІРГІЗІЛУДЕ
Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев кеше Арал ауданында газдандыру жұмысының қарқынына куә болды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
«Игі бастаманы жүйелі түрде жүргізген "ҚазТрансГазАймақ" АҚ жұмысшылары қала көшелеріне газ құбырын жүргізіп, өздеріне жүктелген міндетті уақытылы әрі сапалы орындауға ден қойған. Қауіпсіздік жағын да басты назарда ұстаған жұмысшылар жобаны межеленген уақытта аяқтауға тырысуда», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, бүгінде аудан орталығындағы бірнеше үйлер де газ құбырын кіргізуді бастады. Олар облыс басшылығына ризашылықтарын айтып, көгілдір отынның игілігін көретіндеріне қуаныштарын білдіруде. Тұрғындардың қуанышымен бөліскен облыс әкімінің орынбасары газ құбырын тарту мекемесіне жыл соңына дейін Арал қаласын толығымен көгілдір отынға қосуларын міндеттеді.