АРАЛДЫҢ АҚ АЛТЫНЫ
Сонау жетпісінші-сексенінші жылдары даму сатысының шырқау биігіне көтерілген "Аралсульфат” аталған кен орны нарықтық экономикаға бетбұрыс басталған 1993 жылы "Аралтұз” акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Сол жылы 7 млн 891 мың теңгенің тауарлы өнімі шығарылып, 575 мың тонна тұз өндірілсе, оның 400 мың тоннадан астамы тұтынушыларға жөнелтілген.
Нарықтың қатал заңы талай құрылымның тірлігін тұралатып жатқанда, "Аралтұз” акционерлік қоғамы қиындық құрсауына шыдас беріп, тұз өндірушілердің еңбекқорлығы мен табандылығы оларды атакәсіптерінен тайдыра алмады. Осылайша ауыр жылдарды артта қалдырған "Аралтұздың” тынысы ашылып, бүгінде аяғына нық тұрған. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөзі хабарлайды.
Тұзшылар қауымы өздерінің сапалы тауар шығаратындарын мақтан тұтады. 2012 жылы жаңа инвестор келуіне байланысты кен орнында игілікті жұмыстар жүзеге асырылды. Әсіресе, 2013 жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. "Аралтұз” акционерлік қоғамы өз қаражаты есебінен жаңа цех салды. Оған испан өндірісінің заманауи технологиялары сатып алынып, жаңартылған желі тамыз айында іске қосылды. Бұл өз кезегінде 125 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік туғызды.
Сондай-ақ, тұз қалталау цехы да барынша жаңартылып, ондағы Санкт-Петербург қаласынан шығарылған бес "Питпак” автоматы өнім көлемін арттыруға себін тигізді.