АНТ МҮШЕЛЕРІ ҰЛТ ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
«Нұр Отан» партиясының Арал аудандық филиалында ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты институционалдық бес реформа аясында кеңейтілген жиын өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Оразбаевтың жүргізілуімен өткен жиында «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының» басшысы, облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі Еркебұлан Бекжанов «100 нақты қадам» бағдарламасының елімізде жүзеге асырылуын баяндады. Басқарма басшысы жаңа ұлт жоспарындағы кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесіне баса мән берілгенін атап өтіп, мемлекеттік қызметке байланысты реформалардың шешуші бағыттары туралы сөз қозғады. Мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың оны кәсібилендіруді қарастырып, мемлекеттік қызметкерлерге қойлатын талаптардың күшейтілетіндігін мәлімдеді.
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары М.Оразбаев барлық атқарушы органдардың алдында Мемлекет басшысының Ұлт жоспарын бойынша 5 реформаны сатылап жүзеге асырып, нақты жетістіктерге қол жеткізу міндеті тұрғандығын жеткізді. Жиын барысында қатысушылар «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамды» жүзеге асыру мәселесі бойынша түрлі пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.