АРАЛ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.
Сот төрағасы Тұрбаев Ермек Боранбайұлы 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында аудандық сотпен атқарылған жұмыстарға тоқталып, 6 айда аудандық сотта барлығы 1840 іс қаралғанын, оның ішінде 65 қылмыстық іс, 494 азаматтық іс және 1281 әкімшілік істер екенін, ал 2014 жылдың 6 айында барлығы 1408 іс қаралғанын, осы есептік кезеңде қаралған істер саны 432 іске көбейгенін, қылмыстық істер бойынша жалпы қаралған істердің басым көпшілігін Қылмыстық Кодексінің 188 бабында көзделген ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру қылмыстары, ҚК-нің 296 бабында көзделген есірткі, психотроптық заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу қылмыстары сондай-ақ, ҚК-нің 339 бабында көзделген жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу қылмыстары құрайтынын, ал азаматтық істер бойынша қаралған талап арыздардың басым көпшілігін некені бұзу туралы, қайтыс болу фактісін анықтау туралы, алимент өндіру туралы, сондай-ақ келісім-шарттардан туындаған даулар құрайтынын айтып өтті.
Бұдан кейін сот төрағасы медиация тәртібімен қаралған істерге, «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы түскен арыздарға тоқталды. Сондай-ақ шара барысында сот төрағасы сот жүйесіндегі жаңа жобалар жөнінде, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар туралы айтып өтті.