РАМАЗАН АЙЫНДА АРАЛДЫҚТАРҒА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ
Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы және Арал ауданының Орталық мешіті, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, ауданның белсенді жастары бірлесе отырып, Рамазан айының құрметіне жолаушылар үшін тегін жүру акциясын өткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дін жанашырларының демеушілігімен өткен ізгі шарада аудан орталығынан елді-мекендерге қатынайтын көліктер мен қаладағы біршама жеке көлік жүргізушілері бір күн бойы тұрғындарды тегін тасымалдады. Айталық, қасиетті жұма күні Арал-Шөміш бағытындағы қоғамдық көлік халықты елді мекенге ақы-пұлсыз жеткізді. Дін мәселелерін зерттеу орталығының аудандағы мамандары да бүгінгі сауапты шараға өз үлестерін қосты. Олар халықтың діни сауатын арттыру мақсатында қоғамдық орындарға арнайы бүктемелер таратты. Мұндай ізгілікті істерге риза болған тұрғындар мешіт ұжымына және ұйымдастырушыларға алғыс-тілектерін білдіріп жатты. Рамазан айында ел-жұртқа жақсылық жасап, халықтың көңіл-күйін серпілткен жарқын жүзді аралдықтар бұл бастаманы Ораза айт және Құрбан айт күндерінде жалғастыратындықтарын жеткізді.