АРАЛДА БАЛЫҚШЫЛАР СЛЕТІ ӨТЕДІ
Үстіміздегі жылғы 11 шілдеде Арал ауданының Қамбаш көлі жағасында облыс балықшыларының бірінші слеті өткізіледі. Айтулы шараға қатысушылар саланың тарихына қатысты жәдігерлермен, балық өнімдерінің көрмесімен танысады. Слетте еңбек озаттарын марапаттау шаралары өткізіліп, балық аулау мен ескекті қайықпен жарыс сайыстары ұйымдастырылады. Сонымен бірге слетке қатысушылар гала-концертті тамашалайды.
Ал 10 шілде күні Қазалыда БҰҰ Даму бағдарламасы облыс әкімдігімен бірлесіп аймақта балық шаруашылығын және тауарлы балық өндірісін дамыту мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізеді.
Ал 10 шілде күні Қазалыда БҰҰ Даму бағдарламасы облыс әкімдігімен бірлесіп аймақта балық шаруашылығын және тауарлы балық өндірісін дамыту мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізеді.