ҚАМЫСТЫБАС ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ 2 ҚАБАТТЫ КЛУБ ҮЙІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
Бүгінгі таңда Арал өңірінде барлық саланың серпілісі болып отыр. Озық ісі мен ізі бар ілгерілеген өңір тағы бір жағымды жаңалықпен айшықтала түсті. Оған дәлел, Аралдағы Қамыстыбас елді мекенінде 150 орынды 2 қабатты клуб үйі ел игілігіне берілді. Ауыл халқына рухани нәр беретін типтік жобада салынған ғимарат кітапхана, би залы, 150 орындық акт залы, грим жасайтын бөлме, 3 үйірме бөлмелері және киноқондырғы, музыкалық аспаптармен жабдықталған. Енді жаңа мәдени ошақ жастардың бос уақытын тиімді өткізулеріне себеп болмақ.
Ауылдық клубтың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Мәдени шара барысында сөз алған аймақ басшысының орынбасары елімізде халықтың әл-ауқатын көтеру үшін жасалынып жатқан жұмыстарға тоқтала келіп, жаңа мәдени орындардың ұлттық өнеріміздің дамуына серпін беретініне сенімін білдірді.
Мұнан соң, игілікті іске жиылғандар киноқондырғымен Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмін тамашалады. Жаңа клубтың сахнасынан ауыл өнерпаздары ән мен күй төгілтіп, ауыл тұрғындары облыс, аудан басшылығына жүрекжарды тілектерін арнап жатты.