ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ
Арал ауданында аудан әкімдігі жанындағы жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру жөніндегі кеңес отырысы өтті. Аудан әкімі Абзал Мұхимовтың төрағалығымен өткен кеңес отырысына қала, кент, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, жастар ұйымдары қатысты.
Жиын барысында ел жастары үшін маңызға ие тақырыптар талқыға түсті. Алдымен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы Нұржан Қыздарбеков жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында атқарылған шаралар және жастарға несие беру жайына тоқталды. Мұнан соң, «Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету және мүмкіндігі шектеулі жастардың жұмысқа орналасуы, жазғы кезеңде жастардың бос уақытын қамтуда «Құрылыс жасақтары» тақырыбында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Тоғысова Ғалия баяндады.
Кеңес отырысының соңында аудан әкімі А.Мұхимов қай уақытта да ел тірегіне айналған жастарға сенім білдіретіндігін жеткізіп, кеңес мүшелерін жастарды қолдауға шақырды.