С.БЕРМАҒАМБЕТОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Арал қаласындағы №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінде Бұқаралық ақпарат құралдары күні мерекесіне орай, ВОЛЕЙБОЛДАН мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында жерлесіміз, белгілі журналист қасиетті Қарақұм топырағының перзенті Сахитжан Бермағамбетовты еске алуға арналған дәстүрлі аудандық турнир өз мәресіне жетті.
Арал аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі күнге созылған жарыстың нәтижесімен І-орын Жақсықылыш кентінің командасына бұйырса, ІІ-орын Арал қаласының Айбын командасы лайық болып танылды, ал ІІІ-орынды №19 Арал ауданының ОРМБЖМ Сұңқар командасы жеңіп алды.
Сондай-ақ, "Жеңіске деген жігері үшін" номинациясына Арал көпсалалы колледж командасы, "Үздік шабуылшы" номинациясына Жақсықылыш кентінің ойыншысы Ә.Жалғасбаев, "Үздік қорғаушы" номинациясына Жақсықылыш кентінің ойыншысы А.Сағиданов, "Үздік байланыстырушы" номинациясына №10216 Ж әскери бөлімшесінің ойыншысы Н.Макаров ие болды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер Арал аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің арнайы кубогі мен алғыс хаттары және демеушілердің ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.